08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Шам 17:42
Құптан 19:08

Ораза жайлы сауалдарға жауап берді (видео)

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі тікелей эфирде көрермен сұрақтарына жауап берді.

«Оразадағы өзекті сұрақтар» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн бағдарламаға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы мен Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Бауыржан Әбдуәлі мен Медет Құрмашұлы қатысты.

Діни басқарманың МУФТИЯТ ҚМДБ YouTube-арнасында және Instagram желісіндегі @muftiyatkz парақшасында өткен тікелей эфирде оразаға қатысты жыл сайын қайталанатын дәстүрлі сұрақтар да, заман ағымына орай туындаған сауалдар да қойылып, тұшымды жауап берілді.

дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі