14 Қараша 2026, Сенбі 4 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:52
Күн 07:24
Екінті 14:45
Шам 16:33
Құптан 18:04

«Үшқоңыр» медресе-колледжіне көлік сыйға берілді

«Үшқоңыр» медресе-колледжіне көлік сыйға берілді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, жомарт жандардың қолдауымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Үшқоңыр» медресе-колледжіне ерекше сый жасалды.

Дәлірек айтқанда, Алматы облысында орналасқан медресе-колледжге көлік және интерактивті тақта сыйға берілді. Аталмыш сыйлықтарды наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы оқу ордасының басшылығына табыстап, осы жерде білім алып жатқан шәкірттер үшін дұға жасады.