08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Құптан 19:08

«Жаназа рәсіміндегі бірізділік тәртібі» семинары өтті (фото)

«Жаназа рәсіміндегі бірізділік тәртібі» семинары өтті (фото)

Астана қаласындағы «Ақмешіт» мешітінде елорда имамдарына арналған «Жаназа рәсіміндегі бірізділік тәртібі» семинары өтті.

Семинар аясында «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, «Ақмешіт» бас имамы Дәурен Муслимов, «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласындағы жауапты өкілі Мерей Жақия қатысып, баяндама жасады.

ҚМДБ жанынан құрылған «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы жаназа рәсіміне қатысты жұмыс ережелерін таныстырып, қатысушылар сауалдарына жауап берді.