18 Тамыз 2026, Сейсенбі 5 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:16
Күн 05:00
Екінті 17:22
Шам 19:35
Құптан 21:19

Жас мамандарға арнайы семинар ұйымдастырылды

Жас мамандарға арнайы семинар ұйымдастырылды

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Жас маман, ауылға қадам бас, маман!» шарасы өтті. Шара аясында жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, діни қызметтегі жауапкершілігін қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және қоғаммен тиімді коммуникация орнату мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды.


Семинар барысында ҚМДБ Төрағасының орынбасарлары, наиб мүфтилер Кенжетай Байкемелұлы «Қызметтік әдеп және тәртіп ережелері» тақырыбында, Сансызбай Құрбанұлы «Бірлік пен тұрақтылық – дін қызметкерінің негізгі ұстанымы» тақырыбында, Ермек Қасболатұлы «Көркем мінез – дін қызметкерінің басты айнасы» тақырыбында, Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы «Діни сала мамандарының ақпараттық сауаттылығы және медиакоммуникация» тақырыбында баяндама жасады. 

Семинар барысында жас мамандарға діни қызметтің ерекшеліктері түсіндіріліп, қызметтік міндеттерді сапалы орындау, кәсіби және тұлғалық тұрғыдан дамуға ұмтылу, сондай-ақ халықпен тиімді қарым-қатынас орнату бағытында бірқатар маңызды кеңестер берілді.