16 октября 2026, Пятница 5 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:34
Зухр 12:05
Аср 15:34
Магриб 17:25
Иша 18:51

Адал астың дұғаның қабыл болуына әсері

Адал астың дұғаның қабыл болуына әсері

Бірде Сағд ибн Әбу Уаққас Пайғамбарымыздан (с.ғ.с):

– Уа, Алла Елшісі! Алладан мені дұғасы қабыл болатындардан етсін деп сұрашы? – деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған:

– Уа, Сағд! Адалдан тамақтан, дұғаң қабыл болады, – деп жауап береді.

Иса пайғамбардан да бірі кісі:

– Өсиет айтшы? – деп сұрағанда:

– Наныңның қайдан келіп жатқанына қара! – деп айтқан екен.

Адал астың дұғаның қабыл болуына әсері жайлы «Ішкені – арам, кигені – арам, жегені – арам, дұғасы қайдан қабыл болсын?!» деген мағынадағы танымал хадистен де байқауға болады.

Арам ас, арам мал дұғаға кедергі болады. Алдап сатып тапқан малың – арам. Өтірік толтырып берген қағазың – арам. Жұмыста ештеңе істемей, отырып қайтқаның – арам.

Дұғаң қабыл болмай жатса, жегеніңе қара! Астарыңды, жейтіндеріңді адалынан қылшы, сосын дұғаларың таң рауандап атқандай қабыл бола береді!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz