14 июля 2026, Вторник 29 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:18
Восход 04:10
Зухр 12:25
Аср 17:55
Иша 22:22

«Омар (р.а) көрмесе де, Омардың (р.а) Раббысы көріп тұр»

«Омар (р.а) көрмесе де, Омардың (р.а) Раббысы көріп тұр»

Һаннад ибн әс-Саридің «Зуһд» еңбегінде Омар ибн Абдул-Азиздің (р.а.) мынадай мазмұны терең, мағыналы сөзді келтіреді:


«Көпшіліктің көзінше Ібілісті қарғап, бірақ оңаша қалғанда оған бой ұсынушылардан болма!»
Адамның иманы – оның көпшілік алдында емес, ешкім көрмей тұрған сәтіндегі іс-әрекетінде сыналады. Аллаға тағала жақын болуда қадамыңның мінсіз болуы емес, шын ниетпен ұмтылуың маңызды. Барлық пенде күнәдан пәк емес, бірақ оңаша қалған сәтінде қателіктеріне өкінген адам – күнәларын өз кемшіліктерін мақтан көргеннен әлдеқайда ардақты.

Халифа Омар қолында билік болып, тақтың иесі болып тұрған тұсында да түнде Мәдина көшелерінде халқының мұң-мұқтаждығы немесе қандай да бір қажеттілігі бар-жоқтығын бақылап, аралап жүретін. Сондай түндердің бірінде ол сүт сауып отырған қыздың анасымен әңгімесін құлағы шалып қалады. Сонда анасы қызына көбірек пайда табу үшін:

— «Сүтке су қос!» – деп, ниетін жүзеге асырмақшы болады.

Қызы болса:

— «Халифа Омар тыйым салды ғой», – деп анасының сөзінен бас тартады.

Анасы болса:

— «Омар көрмейді ғой», – дейді.

Сонда қыз:

— «Омар көрмесе де, Омардың Раббысы көріп тұр», – деп жауап береді.

Омар (р.а.) бұл оқиғаны көріп, қыздың тақуалығына тәнті болып, кейін оны өз ұлына некелестіріп, жар етіп алып береді.

Есіңде болсын! Алла – бәрін көруші. Оның назарынан тыс қалатын еш нәрсе жоқ. Сондықтан нәпсіңді жақсылыққа бұйыр! Ұлы Раббың сенің ісіңе қараушылардың ішіндегі ең елеусізі болып қалмасын!

материал «Сен керексің!» кітабынан алынды,

ummet.kz