Шариғатымызда пал аштыру және жұлдызнамаға сену – харам. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Кімде-кім балгерге, сиқыршыға, не сәуегейге барып бір нәрсе сұрап, оның айтқандарын растаса, онда ол Мұхаммедке түскен нәрсеге күпірлік еткен болады» деген.
Әбу Жағфар әл-Уаррақ ат-Тахауи (Алла оны рақымына алсын) өзінің «Ақидату ат-Тахауия» атты кітабында әһлі сүннаның сенімін баяндап, былай дейді: «Біз ешқандай сәуегейдің, көріпкелдің және Құран мен сүннетке, сондай-ақ үмбеттің бірауызды пікіріне қайшы келетін нәрсені айтқандарды растамаймыз».
Имам Зәһәби (Алла оны рақымына алсын): «Бұл дүниенің және оның тұрғындары мен тауларының жоқ болатындығы туралы үзік-үзік дәлелдер келген. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Оның қашан болатынын бір Алла ғана аян. Кім оны арифметикалық есеппен, нумерологиямен, пал ашу және осыған ұқсас істермен білемін десе, ол – адасушылық», – дейді.
Осы және өзге де себептерге байланысты сюцай жүйесіне немесе соған ұқсас басқа да тылсым күштермен айналысуға, оларға жүгінуге шариғатымызда қатаң тыйым салынады.
Шешім:
Сюцай жүйесінде сандар болжамына сеніп, Алланың құдіретіне шәк келтіру және адамның тағдырын болжау – харам. Мұсылман адам тағдырға иман келтіріп, жақсылық пен жамандықты бір Алладан деп сеніп, болашақты болжайтын түрлі наным-сенімдерден аулақ болуы тиіс.
материал «Пәтуалар жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz