27 октября 2026, Вторник 16 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 05:25
Восход 06:53
Зухр 12:03
Магриб 17:03
Иша 18:30

Тақуалықтың жемісі: Садақаның қабыл болуы

Тақуалықтың жемісі: Садақаның қабыл болуы

Тақуалықтың екінші жемісі мен сүйінші хабары: Садақаның қабыл болуы


Ол болса: «Расында, Алла өзіне тиісінше тағзым ететін һәм қарсы келмейтін тақуа құлдарынан ғана қабыл алады».
Имам Нәсәфи (Алла оны рақымына бөлесін): (Бұл әңгіме Адам (Алланың сәлемі болсын) балалары Һәбил мен Қабилдің оқиғасы).

Ол: «Расында, Алла тек тақуалардан ғана қабыл етеді», – деді.

Тақдирі (жасырын мағынасы) былай: «Неге мені өлтіргің келеді?» – деді.

Ол: «Өйткені Алла сенің құрбандығыңды қабыл етіп, менікін қабыл етпеді», – деді.

Сонда ол: «Расында, Алла тек тақуалардан ғана қабыл етеді. Ал сен тақуа емессің. Саған келген нәрсе менен емес, тақуалық киімінен айырылған өз нәпсіңнің кесірінен болды», – деді.

Амир ибн Абдуллаһ (Алла одан разы болсын) туралы риуаят етіледі: Ол қайтыс болар сәтінде жылаған екен.

Сонда оған: «Сен осындай ізгі амалдар жасаған адам бола тұра, неге жылайсың?» – делінді.

Сонда ол: «Өйткені мен Алланың: «Расында, Алла тек тақуалардан ғана қабыл етеді» деген сөзін естимін», – деді.

материал «27 сүйінші» кітабынан алынды, 

ummet.kz