20 октября 2026, Вторник 9 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:41
Зухр 12:04
Аср 15:26
Магриб 17:17
Иша 18:43

«Жасаған дұғаң болмаса, Алла сені қалай қадір тұтсын...» («Фурқан», 77)

«Жасаған дұғаң болмаса, Алла сені қалай қадір тұтсын...» («Фурқан», 77)

Алла Тағала былай дейді:


«Құлдарым мен жайлы сұраған уақытта расында, Мен өте жақынмын. Маған дұға жасаған кезде, дұға жасаушының дұғасына жауап беремін. Олай болса, олар да Менің шақыруыма мойынсұнып және толық түрде иман етсін. Осы арқылы тура жолға келесіңдер деп үміт етеміз».³

«Аллаға ортақ қосушыларға: “Егер сендерге Алланың азабы немесе қиямет келсе, Алладан басқаға дұға жасайсыңдар ма? Егер сөздерің рас болса, маған білдіріңдер” де. Керісінше, Аллаға ғана дұға жасайсыңдар да, Ол қаласа, дұға жасап сұраған нәрседен аман сақтайды. Сендер сол кезде серік қосқандарыңды ұмытасыңдар».⁴

«Сонда оларға (бұрынғы үмметтерге) азап келген кезде жалбарынса (құтылатын еді). Бірақ олардың жүректері қатайған және шайтан оларға істегендерін әдемі көрсеткен».⁵

«Раббыларыңа жалбарына және іштей дұға етіңдер. Шынында, Алла тағала шектен шығушыларды жақсы көрмейді».⁶

(Уа, Мұхаммед) былай деп айт: «Алла деп дұға етіңдер және Рахман деп дұға етіңдер. Қалай дұға жасасаңдар да ең көркем есімдер Оныкі…».⁷

«(Уа, Мұхаммед) былай деп айт: Жасаған дұғаңыз болмаса Алла Тағала сіздерді қалай қадір тұтсын…».⁸

«(Өздеріне еш пайдасы жоқ пұттар артық па?) Әлде Өзіне дұға еткенде қиналғанды жамандықтан құтқарып және сендерді жер жүзінің басшысы қылатын артық па? Алладан басқа құдай бар ма? Өте таяз ойлайсыңдар».⁹

«Раббыларың бұйырды: Маған дұға етіңдер, жалбарыныңдар. Мен сіздерге жауап берейін, дұғаларыңды қабыл етейін. Еш күмәнсіз, тәкаппарланып Маған ғибадат жасауды қаламаған адамдар, олар жақында бейшара күйде тозаққа түседі».¹⁰

⸻

³ Бақара сүресі, 186-аят.
⁴ Әнғам сүресі, 40–41-аяттар.
⁵ Әнғам сүресі, 43-аят.
⁶ Ағраф сүресі, 55-аят.
⁷ Исра сүресі, 110-аят.
⁸ Фурқан сүресі, 77-аят.
⁹ Нәмл сүресі, 62-аят.
¹⁰ Мүмин сүресі, 60-аят.

материал «Дұғалар жинағы» кітабынан алынды, 

ummet.kz