Абдулла ибн Омар (р.а.) Хазреті Омардың былай дегенін естігенмін деді:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) маған һадия берсе, оны менен гөрі мұқтажырақ адамға беріңіз, дейтінмін. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Саған бергеннен кейін ал, ақыры сен басқарушы да, кедей де емессің ғой! Бұны ал, бірақ мал дүниеге ден қойма!», — деді.
Хамза атасы Абдулла ибн Омардан (р.а.) былай деп естіген екен: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Тілемші (қайыр тілеуші) қиямет күні шәрменделігінен, бетсіздігінен» бетінде бір парша ет болмаған бойы Алла Тағаланың алдына кіріп келсе де тілемшілігін қоймайды», — деді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және былай деді: «Қиямет күні күн (жерге) жақын келіп, қыздырғанда адамдардан көп тер ағатыны соншалық барлық жерді толтырып, құлақтарының жартысына дейін көтеріледі. Олар сондай жағдайда тұрып, Адам атаға, содан соң Мұсаға, кейін Мұхаммедке (с.ғ.с.) жалынышты болып жәрдем сұрайды. Абдулла ибн Салих осы хадистің жалғасын Ибн Әбу Жағфардан естіп, риуаят етеді: «Мұхаммед (с.ғ.с.) Алла Тағала оларға үкім шығарсын деп, шапағат етіп, жәннаттың есігінің шығыршығынан ұстайды. Сол күні Алла Тағала Мұхаммедке (с.ғ.с.) мақтауға лайықты бір орын береді, оны барша махшардағылар мақтайды».
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz