21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Жоғалған затты табу үшін оқылатын дұға бар ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассаламуалайкум. Құжаттырымда жоғалтып алған едім, соны табу үшін арнайы оқылатын дұға бар ма?  

Жауап: Уа алайкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух. Әрине исламда ескерілмей қалмаған дүние жоқ. Жоғалғаныңды табу үшін де оқылатын арнайы дұға бар. Оның дәлелі ретінде Абдулла ибн Омардың сөзін тілге тиек етсек. Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Кімде кім бір затын жоғалтып алса, дәрет алып, екі ракағат намаз оқып, мына дұғаны оқысын:

 بسم الله ,اللهم رب الضالة و هادي الضالة، تهدي من الضلالة رد علي ضالتي بقدرتك وسلطانك فإنها من فضلك وعطائك

«Алланың атымен бастаймын, Уа - жоғалған заттың рббысы Аллахым!, Уа - адасқанды тура жолға салушы! Сен әр бір жоғалған заттың иесін тура жолға саласың. Уа, жоғалғанды қайтарушы, Өзіңнің құдыретіңмен және ұлылығыңа сиынып, сұраймын, менің жоғалтқанымды өзіме қайтар. Шындығында, бұл Сенің кеңшілігің және бергенің»[1].

«Биссмила, Аллахумма раббад-далләти уа хадийад-далләти,тәхди мән далләти рәда алеййа далляти би кудратикә уа султаникя. Фа иннаха мин фадликә уа атаик».

Жоғалғатқанымыз табылып, сұрағанымызды берсін Алла. амин!

 



[1] Ибн Абидин

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: