Көпшіліктің ойына жиі келетін сұрақтардың бірі мынадай: «Адамның күнәсімен оның рызығы кемиді ме? Егер кемиді десе, онда неге кейбіреулер күнә істеп жүре береді де, бірақ олардың рызықтарының кеміп жатқанын көрмейміз ғой?!» Оған қайнар көз арқылы жауап берейік: Бірі нақылмен, екіншісі ақылмен. Нақылмен жауап берсек, бір хадисте: «Шын мәнінде, адам баласы өзі істеген күнәсінің кесірінен ризықтан мақұрым қалдырылады»- делінді (Ибн Мәжә, 4022).
Енді ақылмен жауап берсек, Алла бізге кейбір істерді адал етіп, оны орындауды бұйырды. Бұйыру себебі ол сол іске мұқтаж болғандығынан емес немесе «Егер бұл пендем менің бұйырғанымды орындамаса, оған жаза беремін. Ендеше істемей көрсін!» дегендіктен де емес. Бізге сол бұйырған істері дүниеде және ақыретте пайдалы болатындығы үшін оны орындауды міндеттеді. Ал кейбір істерден тыйым салуы болса, ол нәрсенің бізге зиян болғаны үшін. Сол зиян болатын нәрселердің кейбірінде бізге келетін рызықты кемітетін күші бар. Мысалы, арақ ішу - адамның саулығына, абыройына, жауапкершілігіне, табысына, дініне, амандығына, отбасының бақытына зиян. Егер саған арақ ішетін адам келіп, жұмыс сұраса, ойланбастан ұсынар ма едің? Жок, өйткені оның арақ ішетінін білесің. Егер жұмысқа алмасаң, онда оның жұмыс істеп табыс табуы кешігеді немесе мүлдем болмайды. Сол сияқты арақ ішетін кісіге, ары азғанға сеніп, бір істі тапсыра алмайсың.
Енді сол жігіт, егер сенің қызыңды жұбайлыққа сұрап келсе, ойланбастан бересің бе? Жоқ. Сол секілді адам өзіне бұйырылған істі орындамаса, ал тыйым етілген істі істеп, қарсылық көрсетіп, бойсұнбаса, онда сен оған егер орындаса ұсынайын деп жүрген істі бергің келмей қалады Яғни, сен оны сынау үшін бір ай уақыт беріп едің, ол сол сынақ уақытында өзін жақсы, тәртіпті көрсете алмады. Алла да бізбен сондай қарым-қатынаста болады. Мысалы, сен бір компанияда жұмыс істеп жүрсің немесе студентсің, жұмысқа жауапсыз болсаң, оқуға ықыласты болмасаң, айлығыңнан қысқартыласың, шәкіртақыдан қағыласың, сыйақы берілмей қалады, тіпті жұмыстан шығарыласың ғой. Сол секілді Алланың істе дегенін істемесең, істеме дегенін істесең, сонда оның жазасын тек ақыретте көресің бе? Жоқ, Алла саған ақыреттің азабын бергеннен гөрі осы дүниеде кейбір рызықтан қағып, соның себебінен сенің ойланып, өзіңе есеп беріп, дұрысталып, бұйырғанын орындап, тыйыл дегенінен тыйылып, рызық қайта келіп, өміріңнің сапалы болғаны саған жақсы емес пе? Демек, Алла да солай болғанын ұнатады. Өйткені, Ол - мейірім иесі, Ол саған өзіңнен де әлдеқайда рақымды.
Сен қалай қарайсың, егер Алла саған өзіңнен де мейірімді, кешірімді болса, онда ол рызығыңның кең болғанын сенің өзіңнен де көбірек ұнатады емес пе? Ал, Алла біздің дүниемізде біздің рызығымыз кең болғанын сенен де көп ұнатқандықтан, саған сапалы өмір сүрудің, табысты болудың жолдарын көрсетеді. Ал егер сенің дұрыс жолдан қисайып бара жатқаныңды көрсе, рызығыңды етіп береді. сол сенің күнәдан қайтпаған өлшеміңе (версияңа) қарай етіп береді.
Ал енді «күнә істеп жүргендердің де рызығы беріліп жатыр ғой. Олардың тарылып қалған ештеңесі жоқ» деген сұраққа келейік. Екі жолмен жауап берейік, біріншісі: Жок, олай емес. Сен оларды сыртынан танисың. Сен олармен сырласып, мұндарын тыңдап көрдің бе? Мүмкін сен ойлағаннан да мұңдары көбірек. Және рызық дегенде сен олардың ақшасын ғана айтып тұрсың ба? Рызықтың түрі көп. Олар мүмкін мазасы кетіп, көп уақытында қауіптің қайдан келіп қаларын ойлап, тыныш ұйықтай алмай, түнінде жайсыз болып жүретіндер шығар? Жан тыныштығы кеткен адамдар болар. Егер сенің назарында олар ақшасы көп адамдар болса да, оны парақорлықпен, бұрыс жолмен тауып, амандықты сезінбей жүргендер болуы мүмкін. Яғни, олардың түнгі ұйқысы сенің ұйқыңдай емес, мазасыз. Немесе сенде бар қарапайым нәрселер оларда жоқ шығар? Ал сен олардың ақшасына, мінген көлігіне қарап, «Адам күнәні көп істесе де, рызығына әсері жоқ» екен деп түйесің де, сосын өзің бас тартқың келмейтін қылмыс, күнәларды тоқтатпай, бір жағы «күнәдан қайтпасақ та, рызығымызға әсері болмайды» дегенді қолдап, өзіңді жұбатқың келеді.
Екінші жолмен жауап мынадай болады, Алла кейбіреулердің жаман әдеттерден, күнә, қылмыс істерден қайтқысы келмейтінін көреді де, оларға мынадай сынақ береді. Ол «истидраж» деген жағдай. бұл - діндегі қауіпті сынақтардың бірі. Араб тілінің сөздіктеріндегі мағынасы «бір нәрсеге бірте-бірте, қадамдап жақындату», яғни, «мұрсат беру, мүмкіндік ашу» дегенді білдіреді.
ол адамның күнәға батып, Алланы ұмытып, діннен алыстап кеткеніне қарамастан, оның дүниелік істерінің Ол Адамның күнәға батып, Алланы ұмытып, діннен алға басып, байлық, денсаулық, бедел және сәттілікке кенелуі.
Сырт көзге бұл Алланың нығметі сияқты көрінгенімен, негізіндеадамдыбірте-біртерухани құрдымға итермелейтін астарлы жаза болып табылады. Бұл жайында Құран: «Ал ескертілген үгітті ұмытқан кездерінде оларға барлық нәрсенің (дүниелік қызықтардың) есіктерін ашып жібердік. Ал қашан өздеріне берілгенге мәз-мәйрәм болып, есіргенде, оларды кенеттен бас салдық та, сонда олар қалшиып қалды»- дейді («Әнғәм» сүресі, 44-аят).
Сосын рызыққа қатысты мынадай да сұрақ бар. Ол: «Әрбір адам дәулетті өмір сүре алады ма, әлде Алла кейбіреуге дәулеттілікті, ал басқаларына тапшылықта өмір сүруді жазып қойған ба?» деген сұрақ.
Біріншіден: Алланың кімге не жазып қойғанын Одан басқа ешкім білмейді. Алла бізге кейбір нәрселерді білдіріп, сол жол бойынша амал етуді, кейбір нәрселерден алыстауымыз үшін оның зиянды, жаман екенін ашықтады. Неден тыйым салса, сол істі істеп әдет ететін адам түбінде бақытсыз, ауру, кедей болады. мысалы, араққұмарлық. Араққұмар беруді танысаңыз, ол ауру, бақытсыз және кедей. Ал не нәрсеге шақырса, «пәлен істі істеңдер» десе, сол істе біз үшін қайыр бар. Егер ол істі істеуді әдеттенсек, біз сау, бақытты, бай, бақуатты боламыз. Мейірімді Алла осылайша дұрыс жолға бағыт берді. Мұны «һидәят немесе һудә» дейміз. Ал бізге беймәлім нәрсе жерден, қандай мөлшерде, қашан және қандай түрдегі рызық жазылғандығы. Оны ешкім білмейді.
Екіншіден: адамзатты дәулетті ететін ресурстар олардың әрбіріне жеткілікті ме? Әрине, жетеді. Адамдардың ойында мынау «Егер адамдардың барлығы бірдей бір сұрақ бар, ол рызыққа ие болса, ол рызық бәріне бірдей жетеді ме?» деген сұрақ. Иә, жетеді. Мысалы, Алматыдан қазақ радиосынан таңғы сағат 10:00 бір толқында бір насихат, білім айтылып жатыр дейік. Сол сәт үйде, оффисте, көлікте кетіп бара жатқандар сол толқынға шықса, әлгі хабар сол толқынға қосылғандардың бәріне жетеді ме? Жоқ, әлде кейбіріне жетпей қалады ма? Әрбіріне жеткілікті!
Бірақ, Алматыдағы әрбір адамдар бір толқыннан тарап жататын хабарды тыңдайды ма? Әрине, жоқ. Өйткені адамдарда таңдау бар. Олар сол таңдау арқылы өздеріне пайдалыны да, зияндыны да таңдайды. Сол арқылы кейбіреулер күнә, зиянды істерді жалғастырады-дағы, Алладан алыстайды. Алладан алыстағанда оған кейбір рызықты оның сол хәліне шақтап береді. Мысалы, сен Алматыдан алыстаған сайын әлгі радиодан тарап жақтан тамаша әңгімені тыңдау мүмкіндігінен айырыласың.
Себебі, радионың толқыны бармайтын жаққа алыстап кеттің. Егер Алматыға қайта жақындасаң, онда әлгі толқынға қол жеткізесің. Дәл сол секілді күнә, қылмыс арқылы адам Алладан алыстайды. Сонда рызықтар әлгі радиодан тарап жатқан хабарлар секілді, егер Алматыдан алыстасаң, үзіледі. Қайта оралсаң, толқындардан пайдаланасың. Сол секілді адам күнә арқылы Алладан алыстайды. Яғни руханияты төмендейді. Руханият толқындары төмендеген адам рызығына қиыншылықпен жетеді.
материал Құрманғазы Садыбаевтың «BIL» кітабынан алынды,
ummet.kz