29 Қазан 2026, Бейсенбі 18 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:28
Күн 06:56
Бесін 12:03
Шам 16:59
Құптан 18:27

Намаз оқып жатқан баланы анасы шақырып қалса...

Намаз оқып жатқан баланы анасы шақырып қалса...

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді:


«Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) маған мына төмендегі оқиғаны айтып берген еді», - деді. Бір бала өзінің бөлмесінде намаз оқып жатқан еді. Сол уақытта анасы:
— Әй, Журайж! - деп шақырды.
Әлгі бала анасының шақырған дауысын естіген соң:
— Иә, Алла! Шығайын десем, намаз оқуым керек, шықпайын десем, анам шақыруда. Не істесем екен? - деді.
Анасы екінші рет:
— Әй, Журайж! - деп шақырды.
Бала тағы да:
— Иә, Алла! Шығайын десем, намаз оқуым керек, шықпайын десем, анам шақыруда. Не істесем екен? - деді.
Анасы үшінші рет:
— Әй, Журайж! - деп шақырды.
Бала тағы да:
— Иә, Алла! Шығайын десем, намаз оқуым керек, шықпайын десем, анам шақыруда. Не істесем екен? - деді.
Сонда анасы:
— Иә, Алла! Журайж бұзақы әйелдердің жүзіне назарын түсірмей өлмесін! - деп қарғады.
Журайждың бөлмесіне бір шопан әйел кіріп-шығып жүретін еді. Бір күні сол әйел босанып қалды. Әйелден:
— Баланы кімнен тудың? - деп сұрады.
Әйел:
— Журайждан, - деді.
Бұны естіген Журайж бөлмесінен шығып:
— Баланы менен тудым деген әйел қайда? - деді.
Содан соң балаға қарап:
— Әй, шақалақ, әкең кім? - деп сұрады.
Шақалақ бала:
— Әкем қой бағушы шопан, - деп жауап берді.
Журайж намазды қастерлеп, құрметтегені үшін оған Алла Тағаланың нәсіп еткен бір кереметі еді...

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz