Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) риуаят етті:
«Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) намаз оқып жатқанында да сәлем беретінмін. Ол менің сәлемімді алатын. Бірақ бір күні Хабашстаннан қайтып келгенімізде, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) намаз оқып жатқан уақытында сәлем бердім. Ол сәлемімді алмады. Намаздан кейін:
— Намаз оқып жатып басқа нәрселерге көңіл бөлуге болмайды, - деді».
Жәбир бин Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мені өзінің бір жұмыстарын тындырып келуге жұмсады. Мен тапсырманы бітірген соң, қайтып келіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сәлем бердім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәлемімді алмады. Бір ғана Аллаға аян, сонда біршама көңілім ренжіді. Өзіме өзім:
— Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) менің кешігіп қалғаныма ренжіген екен деп ойладым ба? - дедім.
Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қайта сәлем беріп едім, тағы да алмады. Көңілім бұрынғыдан да бетер ренжіді. Кейін тағы да сәлем бердім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жолы сәлемімді алып:
— Сәлеміңді алмауыма намаз себеп болды. Мен намаз оқып жатқан едім, - деді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түйенің үстінде отырып, құбыладан басқа жаққа қараған бойы намаз оқып жатқан еді»...
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz