Истиғфар – ішкі есеп. Адам шынайы истиғфар айтқанда, өз өміріне шолу жасайды: «Мен не үшін өмір сүріп жүрмін?» «Қанша жақсылық, нығмет берілді, ал мен не істедім?»,–деген сұрақтармен бетпе-бет келеді.
Шүкірдің ең жоғары көрінісі – кешірім сұрау. Себебі бұл истиғфар – «Уа, Раббым! Сенің берген нығметтеріңе шүкір ете алмадым, кешірші, мендей бейшара құлыңды!»… – деген жан айқайы.
Имам Ғазали былай дейді: «Жүрекке түскен әрбір нығмет үшін Алла алдында есеп бар. Сол үшін нығметке шүкір еттің бе әлде немқұрайлы қарадың ба соның бәрі үшін есепке тартылмақсың! Алладан әркез кешірім тілеп жүрген құл болса өз-өзін есепке тартып, шүкірсіздікке ұрынбайды.»
Садақа беруге шамасы келмегендерге сауап есігі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Истиғфар айту – садақа» деген. (әл-Мунзири)
Садақа беруге шама-шарқы бармайтын жандар үшін сауап. Ешбір тиын төгіп, жомарттық қылмай-ақ сауапты иеленсе болады. Егер дебіреуге жәрдем қылуға мал-дүниесі аз болса. Бір ғана истиғфар айтып рахметтің мыңдаған есіктерін айқара ашатын кілт.
материал «Истиғфар» кітабынан алынды,
ummet.kz