26 Тамыз 2026, Сәрсенбі 13 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:13
Бесін 12:21
Екінті 17:09
Шам 19:19
Құптан 20:57

Намаз оқыған адамға берілетін жиырма алты қасиет

Намаз оқыған адамға берілетін жиырма алты қасиет

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Намаз оқыған адамға жиырма алты қасиет беріледі». Бұл мынадай қасиеттер екен:


1. Алланың разылығы;
2. Періштелер жақсы көретін амал;
3. Пайғамбарлардың сүннеті;
4. Жүрекке нұр;
5. Иманның белгісі;
6. Дұғалардың қабыл болуына себеп;
7. Амалдардың қабыл болуына себеп;
8. Ризық келуіне жол ашады;
9. Дене рахатын береді;
10. Дұшпанға қарсы қару. Шама жетпегенде дұға – ең үлкен қару;
11. Шайтанның ең жек көретін амалы;
12. Өлім періштесі келгенде шапағат етуші;
13. Қабірде шырақ;
14. Жәннатта – көпшілігіңіз;
15. Нәкір мен Мүнкәрге жауап беруде жәрдемші;
16. Қияметте көлеңке. /адамдар күннің астында 80 жылдай тұрғанда, намаз иелерінің үстінде бұлт сияқты көлеңке болады/;
17. Киім. Қайта тірілген кезде адамдарға бірден киім берілмейді. Ал пайғамбарларға, әулиелерге, салиxтарға беріледі. Намаз иелері де солардың қатарында болады;
18. Екі қолында нұр болып, жол көрсетеді;
19. Қияметте намаз – Алланың алдындағы ең мықты құжат;
20. Амал таразысында ауыр тартатын амал;
21. Сырат көпірінде жәрдемші /Намазы бар адамдар найзағайдай жарқ етіп, көпірден тез өтеді/;
22. Жәннаттың кілті;
23. Жәннат пен тозақтың арасындағы қорған (перде);
24. Қабір азабынан қорғайды;
25. Алла алдындағы айғақ;
26. Өз уақытында орындалған намаз – амалдардың ең құндысы.

Сондықтан намаз – тек парызды орындау ғана емес, пенде үшін дүниеде де, ақыретте де қорған, жарық, айғақ, құтқарушы.

материал  «Алламен сырласу» кітабынан алынды,

ummet.kz