26 Тамыз 2026, Сәрсенбі 13 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:13
Бесін 12:21
Екінті 17:09
Шам 19:19
Құптан 20:57

Таң мен құптан намазының ауырлығы мен сауабы

Таң мен құптан намазының ауырлығы мен сауабы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.):


«Екіжүзділер үшін ең ауыр намаз – таң мен құптан намазы. Егер олар осы екі намаздың сауабын білсе еді, еңбектеп болса да мешітке келер еді», – деген.

Еңбектеу дегенді қалай түсінеміз? Адам қатты қуанып кеткенде, тіпті қуаныштан жерге отыра қалады. Кішкентай балаға ойыншық әкеліп берсеңіз, ол қуаныштан құлап, шалынып, еңбектеп кетеді ғой. Сол сияқты біз таң мен құптан намаздарының қаншалықты үлкен сауап екенін білсек, денеміз шаршаса да, буындарымыз ұстамаса да, еңбектеп болсын сол намазға жетуге тырысар едік.

Бұл екі намаз нәпсіге ауыр. Таң намазына тұру қиын, өйткені тәтті ұйқыдан тұруға ерінеміз. Құптан намазы да қиын, себебі күндізгі тірліктен шаршап, кешке намазға тұруға ынта болмайды.

Бірақ екеуі де иманның беріктігін көрсететін намаздар. Таңғы намаз – күннің берекесін ашатын құлшылық. Құптан намазы – күннің есебін түйіндейтін құлшылық. Сондықтан бұл екеуін қаза қылмауға тырысайық.

материал «Алламен сырласу» кітабынан алынды,

 ummet.kz