23
Сенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ дін қызметкерлерінің жаназа және астарды атқару тәртібі

ҚМДБ дін қызметкерлерінің жаназа және астарды атқару тәртібі

Пәтуа

18.06.2020 жылдан бастап 

Жаназа намаздарын оқуға және астарды өткізуге қойылатын талаптар:

- Жаназа намазына келуші жамағатқа карантин талаптарын қысқаша түсіндіріп, орындалуын талап ету;

- Дін қызметкері жаназа намазында 5 минуттан артық уағыз айтпау;

- Қабір басында мәйіт жер қойнына қойылғаннан кейін жамағатты тезірек қайтаруға атсалысу;

- Жаназадан кейінгі астарды барынша болдырмауға немесе аз кісі (тек жақын тума-туыстарының) қатысуын насихаттау;

- Дін қызметкері жамағатпен қол алыспау;

- ҚР Санитарлық Бас дәрігерінің 22.05.2020 жылғы №37 ПГВр қаулы талаптарын орындау;

- Дін қызметкерлері мен жаназа намазын оқуға келген жамағаттың міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен жүруін насихаттау және орындау;

- Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;

- ҚМДБ қонақ асы, жетісі, қырқы, жүзі, жылы, еске алу т.б. көпшілік жамағат жиналатын астарды еліміздегі эпидемия жағдайы тұрақталғаннан кейін өткізілуге кеңес береді.

Бөлісу: