16 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі 5 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:17
Күн 05:46
Бесін 12:14
Шам 18:32
Құптан 20:00

«Адам малды харамнан, халалдан тапқандығына мән бермейтін заман болады» (хадис)

«Адам малды харамнан, халалдан тапқандығына мән бермейтін заман болады» (хадис)

Бір адамның пәк көңілді, ықыласты және тура жолда болғандығын түсіну үшін оның істеген ғибадаттарынан гөрі, сол ғибадаттарын қандай көңіл күйімен жасағандығына қарау керек. Яғни, әсіресе, іс-әрекеттерінің Ислам ахлағына сай, не, сай еместігіне, халал, не, халал еместігіне көңіл бөлу керек.


Мәселен, Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) қасындағылардың бірі өзге біреуді мадақтағанда, мақтаған адамнан: «Сен онымен бірге көрші, сапарлас немесе саудалас болдың ба?» деп үш нәрсені сұраған еді.

Алдындағы адам үшеуін де істемегендігін айтқанда ол: «Олай болса, оны мақтама. Өйткені, сен оны лайықты түрде танымайсың!» - деді.

Сол үшін Суфиян Сәури (құддисә сирруһ): «Адамның діндарлығы, нанының халалдығына қарай» - деген.

Бір күні оған:

«Тақсыр! Намазды бірінші сапта оқудың абзалдығын айтасыз ба?» - дегенде, оған: «Бауырым! Сен наныңды қайдан табасың. Соған көңіл бөл! Табысың халал болғаннан соң, қай сапты қаласаң сол сапта тұрып намаз оқы. Ол жайында саған зорлық жоқ» - деп жауап берген.

Саудада табысты халалдан табуға көңіл бөліп, оған харам араластырмаудың маңыздылығы мен берекетін марқұм әкем Мұса Мырза (құддисә сирруһ) мына оқиғамен түсіндіретін: «Мұсылман емес бір көршіміз бар еді. Кейіннен мұсылман болды. Бір күні одан һидаятқа келу себебін сұрағанымда, ол: «Ажыбадемде егінші көршім Рәби Молланың саудадағы көркем мінезінің арқасында мұсылман бодым. Молла Рәби сүт сатып күн көретін адам еді. Бір күні кешкісін бізге келіп:

«Алыңыз, бұл сүт сіздікі!» - деді.

Таң қалып:

«Қалайша? Мен сізден сүт сұрағам жоқ қой!» - дедім.

Ол нәзік, сыпайы адам:

«Мен абайсызда сиырларымның біреуінің сіздің баққа кіріп жайылғанын көрдім. Сол үшін бұл сүт сіздікі. Сонымен бірге ол жануардың жаңарғанға дейінгі (жеген шөптерінің денесінен толықтай арылғанға дейінгі) сүттерін сізге алып келіп тұрам» - деді.

Мен:

«Сөз болып па? Жегені шөп емес пе? Халал еттім!» - десем де,

Молла Рәби: «Жо-жоқ, олай болмайды! Оның сүті сіздің хақыңыз!» - деп жануардың арылу уақыты біткенге дейінгі сүтін бізге әкеліп тұрды.

Міне сол мүбәрәк адамның бұл ісі маған ерекше әсер етті. Нәтижесінде көзімдегі надандық пердесі ашылып, ішіме һидаят күні туды. Өз-өзіме: «Мұндай жоғары ахлақты адамның діні, әлбетте ең ұлық дін. Мұндай сыпайы, адал, кәміл және пәк адамдарды тәрбиелеген діннің туралығынан күмәндануға болмас!» - деп шәһәдәт кәлимәсын (куәлік сөзін, иман) айтып мұсылман болдым».

Бұл хикметті қиссалар халал табыс пен харам мәселесі турасында қандай мұқият және абай болуымыз керектігін айқын түрде алдымызға қояды. Өйткені, халал табыс тақуалықтың негізгі шарттарына жатады. Осыған байланысты хадис шәрифте:  «Адал, дұрыс және сенімді саудагер пайғамбарлармен, шыншылдармен және шейіттермен бірге» - (Тирмизи, Бүю 4) делінген. 

Өйткені, пайғамбарлар, турашылдар және шейіттермен бірге болу қасиеті мен абыройына ие болған нәзік көңілді саудагер айналасы үшін шаттық пен берекеттің көзі болса, өзі үшін де дүниелік пен ақыреттік бақытқа ие болады. Бірақ, дүниеқорлыққа жеңіліп қалғандар бұл әлемде дәурен сүріп жатқан сияқты көрінгенімен де, шексіз әлемнің мәңгілік бейшара пақыры болудан өздерін құтқара алмайды.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам малды харамнан, не, халалдан тапқандығына көңіл бөлмейтін заман болады» (Бұхари, Бүюғ 7, 23) деген.

Қысқасы, хадис шәрифте ишарат етілген надандық көп көрініс тапқан және көңіл харамды тәрік етуге тырысқанымен, қазіргі кезде халал жолмен табысқа жету ең маңызды мәселе және ең үлкен ғибадат болып табылады.

Осы үлкен ғибадатты орындап, Аллаһтың әміріне мойынсұну мен ризашылық халіндегі жүректер тікендердің арасынан бөлініп түрлі-түсті шешек атқан гүлдер іспеттес қайыр мен фәйздің көзі болады. Керісінше, харам мен күмәнді нәрселерге батқан жүректер гүл емес тікендерге араласып мыңдаған жамандықтың қайнар көзі не тіпті бұзақылықтың ұясына айналады. 

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды, 

ummet.kz