12 Шілде 2026, Жексенбі 27 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:16
Күн 04:08
Екінті 17:56
Шам 20:31
Құптан 22:23

«Адамдарға көркем сөз сөйлеңдер...» («Бақара», 83)

«Адамдарға көркем сөз сөйлеңдер...» («Бақара», 83)

«Адамдарға көркем сөз сөйлеңдер...» («Бақара», 83) 

«Жақсы сөз сөйлеу – садақа» деп бекер айтылмаған! Себебі ол жабық жолдарды ашады, жанды қалпына келтіреді және ойларды түзетеді! «Ибн Рахояһ» атымен белгілі Ғишәқ ибн Ибрахим әл-Ханталидің «Пайғамбарымыздың тек қана еш шүбәсіз жеткен хадистерін бір кітапқа жинасақ етті» деген ұсынысы Бұхаридің жүрегінде қалып, бізге «Сахих хадистер» кітабын жинақтап берді! «Сенің жазуың хадис ғалымдарының қолжазбасына ұқсайды». Бұл – Аламуддин әл-Бәрзалидің өзінің шәкірті

Әз-Зәһабиге айтқан сөзі. Сондықтан оның хадис іліміне махаббаты ашылып, Алла оған хадис білімін нәсіп етті! «Фиқһ бойынша қай деңгейдесіз, Шәфиғи?»

Жазушы Мұсғаб әл-Зубайри мұны Әш-Шәфиғи поэзияға әуестенген кезде айтқан және сол сөздерден кейін ол біз білетін Шәфиғи болған еді. Имам Ахмад ол туралы былай  дейді: «Әш-Шәфиғи әлем үшін күн сияқты, ал адамдар үшін жақсылық сияқты болды!»

Есіңде болсын, бәлкім, адамдарға айтқан жылы сөзің олардың өмірін күрт өзгертіп жіберер...

материал Аслан Орақбайдың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz