Адамға келетін ауру мен ауырлықтың себебі көбінесе оның амалы болып табылады. Иә, себепсіз ештеңе жоқ. Біздің осылай деп түсінуіміз: «Алла маған пәлендей ауру мен ауырлықтар беріп жатыр. Мен не істеп қойдым?!» -деп, адамдарға шағым еткеннен әлдеқайда жақсы.
Кейбір кісілер осыны оқып: «Сонда кішкене бала ауырса, ол не істеп қойды?», «Жоқ, менің әкем өте жақсы кісі болатын. Бірақ көп ауырды», «Анам жарықтық, ешкіммен «шәй» деспеген адам, оның көрмеген ауырлығы жоқ еді. Сонда қалай?!» дер. Бірақ біз «ауру мен ауырлықтар адамның амалынан» дегенде адамдарға күн көрсетпеген залым, пасық деп отырған жоқпыз. Айтпағымыз, адам дұрыс амал етпесе, оның салдары міндетті түрде болады дегенге келісуге болатын шығар? Мысалы, адам темекі шегеді, сәйкесінше ол үнемі жөтеліп жүреді. Кейде көпшілік орындарда шегеді, өзімен қоса сондағыларды улайды. Темекіге жылына 300000 теңге кетеді. Ол тек темекіге. Ал темекі шегетін адамның содан бұзылған денсаулығына кететін қаржыдан басқа, киімі мен үйдегі кілем, дивандарға темекі иісі сіңеді емес пе? Ал отбасы бұл иісті кетіру үшін тағы шығындалады. Ал негізі ол шығындар отбасының хақы емес пе? Ол айлық алғанда сол ақшада отбасының толық хақы бар еді ғой. Ал бұл адам оның бір бөлігін темекіге арнаса, ол отбасынан: «темекіге арнасам болады ма?» - деп сұрамайды. Сонда келетін қаржыға қатысты ауырлықтарды кім жасайды? ауру мен бос, тіпті зиян нәрсеге шығындалу арқылы желінетін ас немесе тамақты кеш жеу салты да өз Кім кінәлі, Алла ма, тағдыр ма? Сол сияқты өте кешке кезегінде адамның ауруына, артық салмақ алуына себеп.
Ол да адам жас қосқан сайын ауру қостыратын жағдай. Ал ауру емделуді, ал емделу шығынды арттырады. Сол сияқты тиімсіз тамақтану салты. Өте майлы, көше . тағамдары, газды сулар, тәтті шырындар ше? Содан кейін өзіне және отбасына аса қажеті жоқ заттарды сатып алу. Ол заттар үйде орын алып тұрады. Ал ондай аптасына бір рет тұтынылатын заттардың барынан жоғы тиімді. Ол заттар энергиялық түрде ауырлық шашып тұрады. Көбінесе онсыз да тар үйді тарылтып, орын алады. Ал отбасы мүшелері керегі аз, қозғалғанда, үй тазалағанда көп болып, орын алып тұратын заттардан қиналып жүреді.
Біл, бұл айтылғандар адамға шынымен зиян, ауырлық салады. Мысалы, қоғамдық көліктерде қысылып келе жатқандар әдетте ашушаң болады. Сол секілді үйде заттар артқан сайын отбасы мүшелерінің «тынысы» тарылады. Тынысы тарылған адам тек тарлықты ойлайды, жиі ашуланады, миында «шу» мен «ретсіздік» пайда болады. Ал ол ретсіздік пен шу кісінің табысына кері әсер етеді. Біз жоғарыда адамның ешкімге соқтықпай, «жақсы» адам болып жүріп-ақ, босқа ақша шығындарын пайда еттіретін амалдарды айтып өттік. Бұл Абай атамыз айтып, санаған нәрселер:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Енді ақша шығармайтын жаман әдеттер мен салттарды мысал келтірейік. Біреу қымбат уақыттарын карта ойнауға, сериалдар көруге, күлкі бағдарламаларын көруге кетіреді. Немесе өзі істеп жүрген саладағы біліктілікті арттырмай қоюы оның табысына қарсы әсер етеді. Кез-келген жұмыстан шығарылу жағдайы болса, ол алғашқылардан болады. Сол сияқты өзін өсіруге септігi тимейтін жолдастардың ортасында жүруі де ауырпашылықтарына себеп. Өйткені ондай топта қысыр әңгіме мен адамдарды талқылау көп кездеседі. Бұл жағдайлар Абай атамыздың:
Жастықта бір күлгенің - бір қаралық,
Күлкі баққан бір көрер бишаралық,
Әуелі өнер ізделік қолдан келсе,
Ең болмаса еңбекпен мал табалық, - деп айтқанындай.
Міне, осы айтылған істерді адам әдет етсе, оның ісіне қатысты пәлен деген адамға жамандық берді дей алмайсың. Ешкімге ап-ашық зұлымдық еткен жоқ саналады. Алайда ол бос уақыт өткізіп, бос ақшалай шығындар шығарып, тіпті өзіне зиянды сатып алып, адамдарды талқылайтын топта жүріп, алдымен өзіне, сосын отбасына жамандық етті емес пе? Содан кейін «пәлен деген кісі өте жақсы кісі еді, ол ешкімнің ала жібін аттамаған», «менің әкем бала-шағасын асыраймын деп күндіз-түні еңбек еткен адам. Ол жаман адам емес, оған сен айтып отырған ауру мен ауырпашылық келмейді. Сен айтып отырған ауру мен ауырпашылық жамандық істейтіндерге келеді,» - деу дұрыс жауап емес. өйткені адам жамандық істеп, ауру мен ауырпашылыққа душар болса, ол жамандықтың көбі басқаларға еткен жамандығынан емес, өзіне және өзіне қарасты адамдарға еткен ол жамандықтың көбі басқаларға еткен жамандығынан жамандығы себебінен келеді дегенді айтқымыз келді.
Енді адам өзі қолымен істеген соң оның салдары түрінде өзіне күмәнсіз келетін жамандықтан қалай құтылады? Негізінде өмір қиын емес, бірақ біз білмейміз немесе жамандық- жанымызға, білетінімізді іске асырмаймыз. Сондықтан жамандық, ауырлық, аурудың келуіне жол береміз. Оның жауабын мынау бір аятқа қарасақ, білеміз. Онда: «Шынында жақсы істер жаман істерді кетіреді,» («Һуд» сүресі, 114) -дейді. Алла Тағала адамдардың бұған сене бермейтінін біледі. Сондықтан аятта айтылғанға сеніп, соны орындасын деп »إنّ« ) шынында, расында, ақиқатында) делінген мағынаны күшейтуші сөзбен бастады. Демек, біз сенуіміз керек.
Сосын үлкені, кішісі болсын, жақсылық істердің жамандықтардың өзін емес, істеген тарымыздың басымызға, тәнімізге, малымызға, отбасымызға, кәсібімізге келетін салдарын кетіретінін айтады. Яғни, сен жамандық істедің. Одан кейін құр өкініп жүре берме. Өкініштен түк пайда жоқ. Сен соның әсері мен салдарын тез жоюға тез кірісуің керек. Жақсылық істеумен жамандықтың өзі кетпейді. Оның саған келетін салдары; ауыртпашылықтар мен аурулар, жоғалтулар кетеді. Егер сен шынымен жамандығыңның осындай салдарын қаламасаң, онда дәл қазір қолыңнан келетін жақсы істерді бастап кет. Мысалы, бөлмеден шыққанда жарықты өшіру, өйткені ысырап ешқашан жақсы емес. Дәрет алғанда, тіс жуғанда суды үнемдеу; аулаға шығып, тамақіздеп жүрген мысықты тамақтандыру; өзіңнен кейін келе жатқан адамға есікті ұстап тұру; аулада жатқан пластик, шырынның қалбырлары секілдіні алып, арнайы орынға тастау секілді істер сенен ақша шығынын керек етпейді. Егер осындай істерді орындауды әдет етсең, ол саған жеңіл келеді. Әрі өзің осындай істерді орындамасаң, кемшілік, қате істегендей сезініп жүресің.
Міне, осылар адамдардың көңіл бөлмейтін, алайда Алланы разы ететін, көлденең құлшылықтар. Аяттың мағынасы осы. Кім жаман ісінен соң дереу оның өміріне жамандығы келмей тұрып, алдын алса, қолымен жасаған көп жамандығынан аман қалады. Ең тез нәтижесін көретін ол көлденең (горизонтальді) құлшылықтар. жақсылық Оған дәлел боларлық бір хадисте: «Қайда болсаң да, жамандықтың артынан оны өшіретін жақсылық жаса. Адамдармен көркем қарым-қатынаста бол» (Тирмизи, 1987) - делінді.
Мағынасы: Сен үйіңде, аулада не жұмыста, не саяхаттаған жеріңде, не көппен, не жалғыз, қайда және қандай хәлде болсаң да, Алладан сенің жаман істерің себепті өзіңе келетін жаман, ауыр жағдайлардан сақтан! Егер жамандық жасап, адам, не хайуан, не табиғаттың хақына қол тигізсең, артынан дереу (өміріңнің, шамаңның, уақытыңның, мүмкіндігіңнің барында) жақсылық істе (ірі, не кіші). Сондай-ақ адамдармен көркем мәміледе бол! Міне, бұл көріністер адамның жасауға асығуы қажет көлденең құлшылықтары. Сонда сен осы (горизонтальді) құлшылық арқылы Алланың разылығына (тік, вертикальді құлшылық) жетесің.
материал Құрманғазы Садыбаевтың «BIL» кітабынан алынды,
ummet.kz