17 Қыркүйек 2026, Бейсенбі 6 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:19
Күн 05:47
Бесін 12:14
Шам 18:30
Құптан 19:58

Махаббат – нәпсіден биік тұруға мүмкіндік

Махаббат – нәпсіден биік тұруға мүмкіндік

Кейде біреуді қатты жақсы көреміз, бірақ бұл сезім бізді Алладан алыстатуы мүмкін. Егер махаббаттың ар жағында Жаратушыны ұмытпақ болсақ, ол махаббат нәпсінің құлына айналады.


Нәпсіге негізделген сүйіспеншілік ерте ме, кеш пе жүрекке ауыртпалық әкеледі. Жүрек босап қалады. Мұндай махаббат уақытша, шартты әрі тәуелді болады.

Шынайы махаббат Алладан басталады. Жанымыздағы жақындарымызға деген сүйіспеншілігіміз тыныштықты да қалыптастыратын сезім. Сондықтан біз сүйіспеншілікті дұрыс арнаға бағыттай білсек, біз үшін жұмаққа апарар жолға айналады.

Аллаға деген махаббаттың жалғасы болуы керек. Сонда ғана біз сүйген адам арқылы Жаратушыны танимыз.

Махаббат – жүректің бағыты. Ол дұрыс жолда болса, адамды шын бақытқа жетелейді. Егер біз ішкі сүйіспеншілігімізді Жаратушымен байланыстырып, жақындарымызды Оның аманаты ретінде қабылдай білсек, жүрегіміз жеңілдеп, өміріміз жарқырай түседі. Сүйген адамыңызбен де, балаңызбен де, табиғатпен де Алла үшін байланыс орнатсаңыз, ішкі тыныштық пен рухани тепе-теңдік орнайды.

Алла Тағала біздің жаратылысымызға ерекше бір сый ретінде дарытқан махаббат сезімі жай ғана нәпсі қалауынан туындайтын өткінші құмарлық емес. Нағыз махаббат – жүректің түкпірінен орын алған, рухани тереңдікте бүр жарып, адамның жан дүниесін тазартатын және биікке жетелейтін қуатты сезім.

Махаббат – адам баласын тек сыртқы дүниемен емес, өзінің ішкі әлемімен табыстыратын көпір. Ол арқылы адам жанның шынайы тереңдігін сезінеді, өзі өмір сүріп жатқан дүниеге жаңа көзқараспен қарай бастайды. Жүрек пен ақылдың үндестігі, жан мен тәннің тепе-теңдігі – міне, осының бәрі шынайы махаббаттың жемісі.

Махаббат адамды әлсіз етпеуі керек. Керісінше, оны рухани түрде күшейтуі тиіс.

Сайын өзін жоғалтпай, қайта өзін табуы қажет. Ол үшін махаббаттың астарын түсініп, оны Жаратушымен байланыстыра білу керек.

Қанша сүйсең де, кімге сезімің болса да, жүрегіңде ең үлкен орынды Аллаға арнау – бұл нағыз рухани еркіндікке апарар жол. Адам махаббатқа тәуелді болмай, махаббат арқылы тәрбиеленсе, онда ол жүрекке шынайы тыныштық сыйлайды. Ал жүрегі тыныш адам – бақытты адам.

Сезімнің өзі – сынақ. Ол бізді әлсірету үшін емес, кемелдендіру үшін беріледі. Сүйіп тұрып, өз қадіріңді жоғалтпау, ренжіп тұрып, кешіре білу, жоғалтсаң да, ішінде шүкір сақтап, ары қарай жүре білу – нағыз рухани жетілу. Махаббаттан шаршаған кезде емес, махаббатты қайда бағыттап жүргенімізден шаршауымыз керек. Жүрегіңнің ең әдемі гүлдерін кім үшін өсіріп жүргеніңді қайта қарап көр…

Махаббат – біреуге байланып қалу емес. Ол – өзіңе, өз қадіріңе, өмірге және Аллаға деген құрметіңнің бір көрінісі. Біздің кімге, неге, қалай махаббат арнайтынымыз өміріміздің сапасын анықтайды.

Шынайы махаббат – шартсыз берілу. Адам Алланы тек жақсы күндерде емес, қиындықта да сүйе білуі керек.

материал «Ғайыптан келген мейірім» кітабынан алынды, 

ummet.kz