26 Қыркүйек 2026, Сенбі 15 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:01
Бесін 12:11
Екінті 16:13
Шам 18:09
Құптан 19:36

Осы иман куәлігін айтқан адам тозақ отынан аман болады

Осы иман куәлігін айтқан адам тозақ отынан аман болады

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті:


«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мұғаз ибн Жәбалды (р.а.) түйесіне мінгестіріп алып келе жатқанында: «Ей, Мұғаз ибн Жәбал!»,– депті. Сонда Мұғаз: «Я Расулулла, ләббәйкә, мен осындамын, қызметіңізге әзірмін»,– деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы да: «Ей, Мұғаз!»,– деді. Мұғаз (р.а.): «Иә, Расулулла, мен мұндамын, қызметіңізге әзірмін»,– деді. Осы сөзді үш рет айтқаннан кейін:

«Әшһәду ән лә иләһа илла Алла Уа әшһәду әнна Мұхаммедан ғабдуһу уа расулуһу»,– деп шын жүрегімен айтқан адамға ғана Алла тағала тозақ отын харам етер»,– деді.

Сонда Мұғаз (р.а.): «Я Расулулла, бұны адамдардың қуанышы үшін соларға жеткізсем қайтеді?»,– деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Олай етсең, адамдар тек қана осыған арқа сүйеп үміттеніп қалады»,– деді. Хазреті Мұғаз (р.а.) адамдарға бұл хадисті өзінің қайтыс болар шағында ғана (Хадисті жасырып күнәһар болып қалуынан қорқып) толық қылып айтып берген екен...

материал «Ихия улумид-дин» кітабынан алынды, 

ummet.kz