26 Қыркүйек 2026, Сенбі 15 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:01
Бесін 12:11
Екінті 16:13
Шам 18:09
Құптан 19:36

«Əрине, сен үшін əрдайым істің соңы басынан қайырлы» («Дұха», 4)

«Əрине, сен үшін əрдайым істің соңы басынан қайырлы» («Дұха», 4)

Алла елшісі бақилық болған соң, көпшілік қатты қайғырды, егіле жылады. Оның артында кімнің, ненің қалғанының маңызы жоқ. Алла елшісі бар кезде, барлық нəрсенің мəні бар болатын. Ол болмаған жерде болмыстың мəні кеткен еді.


«Мен барша мүміннің жоғалтқанымын. Оларға менің өмірден өткенімнен ауыр қайғы жоқ», – деген Алла расулы. Ардақты Пайғамбар өзінің дүниеден қашан озатынын біледі. «Хажжатул-Уада» деп аталған қоштасу қажылығының Минадағы күндерінде «Насыр» сүресі түседі. Ардақты Пайғамбар Жəбірейілден сұрайды: «Уа, Жəбірейіл! Шамасы, маған дүниеден кететінім білдірілді!» – деген.

Жəбірейіл «Əрине, сен үшін əрдайым істің соңы басынан қайырлы»  («Дұха», 4) деген аятты оқиды. Алла елшісі ауруы асқынып, есінен танғандай болғанда, əзірет Фатима əкесіне жалынып: «Жолыңа жаным құрбан! Бір рет болса да қарашы маған, бірдеңе айтшы!» – дейді даусы дірілдеп.

Алла елшісі көзін ашып: «Қызым, жылама! Сенің жылаған даусыңнан Аршты көтерген періштелер де жылады!» – дейді.
Уа, Фатима! Жылай түс.
Уа, Зəһра!
Уа, Бəтүл!
Уа, Фатиматул-Кубра!
Уа, Үммі Хасан, Хүсейін, Мухсин!
Уа, бинт Расул!
Уа, Бəдір жəне Хунейн хуриі!
Уа, адамдардың хуриі!
Уа, əйелдердің таңдаулысы!
Уа, Əшрафун-ниса!
Уа, Сəйидун-ниса!
Уа, əкесінің қызы!
Уа, Зəкия!
Уа, Мəймуна!
Уа, Разия!
Уа, Марзия!
Уа, Таһира!
Уа, Азра!
Уа, Мубəрака!
Уа, Кəусар! Сен жыламағанда кім жылайды?! Жыла, уа, көзімнің қарашығы, басымның тəжі, жыла, əзірет Ахмет Махмуд Мұхаммед Мұстафа көшті дүниеден.

Қайтыс боларынан үш күн бұрын Жəбірейіл Алла елшісіне келеді. Үш күн қатарынан келеді. Жағдайын сұрайды. Үшінші күні өлім (ажал) періштесімен бірге келеді. Өлім періштесіне бағынатын барлық періштелер де бар еді.

Жəбірейіл: «Уа, Расулалла! Есіктің алдында өлім періштесі тұр. Рұқсат етесің бе, ішке кірсін? Алғаш рет сенен рұқсат сұрап тұр, бұдан кейін бұлай ешкімнен рұқсат сұрамайды», – дейді. Өлім періштесі сəлем беріп ішке кіреді.

«Уа, Расулалла! Алла Тағала саған сəлем жолдап, маған саған бағынуды бұйырды. Рұқсат етсең, саф рухыңды алып құзырына апарайын. Рұқсат бермесең, кері қайтамын», – дейді.

Ардақты Пайғамбар Жəбірейілге қарады. Жəбірейіл: «Уа, Расулалла! Алла сенімен қауышуды аңсайды», – деді. Пайғамбарымыз бірден: «Саған бұйырылған істі жаса!» – деді. Жəбірейіл уахи үшін енді жер бетіне ешқашан түспейтінін айтады. Ардақты Пайғамбарымыз күлімсірейді. Осы бір сəт ардақты Пайғамбарымыз үшін ұлы кездесу күні болатын. Алла тағаланың мақамына шақырылған күні. Мүбəрак аузынан шыққан соңғы сөздері: «Аллаһуммə, ар-рафиқал-ағла...» (Я, Алла! Ұлы Досым!) болды.

Əзірет Фатима əзірет Əнасты жазғырып: «Уа, Əнəс! Расулалланың үстіне топырақ тастауға қалайша дəтің барды?!» ‒ деді.
Уа, Фатима! Жыла! Ол кетті, сен жетім қалдың…

материал «Фатима (р.а) анамыздың өмірі» кітабынан алынды, 

ummet.kz