27 Тамыз 2026, Бейсенбі 14 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:14
Бесін 12:21
Екінті 17:08
Шам 19:17
Құптан 20:54

«Тіршілікті дұрыс жоспарлау – тұрмыстың жартысы» (хадис)

«Тіршілікті дұрыс жоспарлау – тұрмыстың жартысы» (хадис)

Тіршілікте үнемшіл болу және жұмсауда орынды болу. Қанағатқа жетуді қалаған адам өзін артық шығыннан тыюы тиіс.


Қажетіне қарай ғана пайдаланып, кез келген тағамға разы болып, киімнің азымен қанағат етеді. Әрбір баласына да осыны үйретіп, әдетке айналдырса, тағдырға мойынсұнады.

Пайғамбар (с.ғ.с) айтты: «Үнемшіл болған кісі кедейленбейді».

Тағы бір хадисте: «Тіршілікті дұрыс жоспарлау – тұрмыстың жартысы».

Тағы бір хадисте: «Үш нәрсе құтқарады: құпияда да, жарияда да Алладан қорқу; байлықта да,  кедейлікте де үнемді болу; ашуда да, разылықта да әділ болу».

материал «Dunya» кітабынан алынды, 

ummet.kz