28 Тамыз 2026, Жұма 15 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:39
Күн 05:16
Екінті 17:06
Шам 19:14
Құптан 20:51

Ұмытылған сүннет: Әтеш шақырғаннан кейін дұға ету

Ұмытылған сүннет: Әтеш шақырғаннан кейін дұға ету

Әбу Хурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте:

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әтештің шақырғанын естігенде, Алладан Оның рақымын сұраңдар. Өйткені, ол періштені көрді. Есектің аңырағанын естігенде, Алладан шайтаннан қорғауын сұраңдар. Өйткені, [есек] шайтанды көрді.» (Әл-Бұхари, No 3303).

Ибн Хажар әл-Әсқаләни: «Періштелердің адамның жасаған дұғасына «әмин» деп айтуларына, олардың адамдар үшін истиғфар жасауларына, сондай-ақ олардың сол адамның ықыласына күә болатындарына үміт бар болғандықтан дұға жасау керек. Сондай-ақ бұл хадистен салиқалы құлдардың арасында болған кезде олардың берекетін пайдаланып дұға жасаудың мұстахаб екендігі түсініледі»,- деп жазады. («Фәтх әл-Бари», 9/658).

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz