09 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі 27 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:03
Күн 05:35
Бесін 12:17
Шам 18:48
Құптан 20:19

Ұялған кісі мен өркөкірек адам ілім алмайды

Ұялған кісі мен өркөкірек адам ілім алмайды

Мужаһид айтқан: «Ұялған кісі ілімді ала алмайды. Ұялған кісі мен өркөкірек адам ілім алмайды» деген.


Айша анамыз (р.а.) айтқан: «Әйелдердің жақсысы - Ансарий әйелдер, өйткені оларға дінді терең түсініп үйренулері үшін ұят кедергі бола алмады»,- деді.

Үмму Сәлама (р.а.) айтты: «Үмму Сүләйм Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына келіп: «Я Расулулла, Алла тағала ақиқатты айтудан ұялмайды (Сол себепті, мен де ұялмаспын). Егерде әйел адам жүніп болып қалса, оған ғұсыл құйыну уәжіп бола ма?»,- деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрине, егерде судың шыққаның көрсе, уәжіп болады»,- деді. Бұны естіген Үмму Сәлама бетін жауып (ұялғанынан): «Я Расулулла, әйелде де ихтилам бола ма?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрине болады, әйтпесе баласы анасына қалай ұқсайды?!»,- деді.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ағаштардың ішінде жапырағы түспейтін бір ағаш бар, шындығында, ол мұсылманға ұқсайды. Ал енді айтыңдаршы, ол қандай ағаш?»,- деп сұрады. Адамдар шөл жерлерде өсетін ағаштарды естеріне түсіре бастады. Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) айтты: «Бұл құрма ағашы болса керек деген ойыма келді, бірақ айтуға ұялдым»,- деді. Сонда адамдар: «Я Расулулла, өзіңіз айтып беріңіз»,- десті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ол - құрма ағашы»,- деді. Мен көңілімдегі баяғы ойымды атам Омарға айттым.  Сонда атам Омар: «Сонда айтқаныңда ғой, маған пәлен-түген істер нәсіп  фболып, жақсы болар еді»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды, 

ummet.kz