28 Қазан 2026, Сәрсенбі 17 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:27
Күн 06:54
Бесін 12:03
Шам 17:01
Құптан 18:28

«Балам, мына бес адаммен ешуақытта дос болма!»

«Балам, мына бес адаммен ешуақытта дос болма!»

Әбу Жағфар Мұхаммед бин Әли Бақир былай дейді:


Әкем маған: «Балам! Бес кісімен ешуақытта жолдас болма, олармен әңгімелеспе және жолда серік болма! – деді.

– Құрбаның болайын әке, ол бесеуі кім?, - деп едім, әкем: 

– Пасықпен жолдас болма, ол бір асқа бола немесе одан да төменіне сені сатып жібереді, - деді.

– Әке! Одан да төмені не?

– Дәметіп, қолы жетпеген нәрсе. 

– Әке! Екінші адам кім?

– Сараңмен жолдас болма. Өйткені, ол саған ең керек кезде мал-дүниесін бермейді.

– Әке! Үшіншісі кім?

– Өтірікшіні жолдас етпе, ол сағым сияқты жақынды сенен алыстатып, алысты саған жақын етіп көрсетеді. 

– Әке, төртіншісі кім?

– Ақымақпен жолдас болма. Өйткені, ол саған пайда беремін деп зиян тигізеді.

– Әке, бесіншісі кім? - дегенімде:

– Туысқанымен ара-қатынасын үзгенмен жолдас болма, өйткені ондай адамның Құранда үш орында лағынеттелгенін көрдім», - деп әкем өсиет еткен еді.

P.S. Дос – араб тілінде «садық», яғни, шыншыл деген сөзден туындайды. Демек, дос  – әр жағдайда сізбен шыншыл, қарым-қатынастағы бауырыңыз.

материал «Әке мектебі» кітабынан алынды, 

ummet.kz