28 Қыркүйек 2026, Дүйсенбі 17 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:04
Бесін 12:10
Екінті 16:09
Шам 18:04
Құптан 19:31

Жасы ұлғайғанда жетістікке жеткен ұлы түлғалар

Жасы ұлғайғанда жетістікке жеткен талай жандар бар. Мысалы:


* Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық 40 жаста берілген.

* Хакім Абай өзінің қарасөздерін 45 жасқа толған шағында, 1890 жылы жаза бастапты.

* «Табиғи философияның математикалық бастамалары» деген атақты еңбегін Исаак Ньютон 44 жасында жазған. Осы еңбек арқылы бүгінгі таңда қолданыстағы инженерлік саланың негіздері қалыптасты.

* Ахмет Байтұрсынұлы 40 жасында (1913 ж.) «Қазақ» газетін шығаруды қолға алған.

* Әйгілі композитор Бетховеннің дәуірлеу кезеңі – 35–45 жас аралығы. Ол осы кезеңде философиялық ойға құрылған шығармалар жазды.

* Ыбырай Алтынсарин 46 жасында Ырғызда қыздар мектебін ашты. Бұл – қазақ халқын ағарту жолындағы ең елеулі еңбектерінің бірі.

* Түрік азаматы Емин Жандан Құран жаттауды бала кезінен армандап, оған 67 жасында қол жеткізді.

* Рим сенаторы Марк Котон грек тілін 80 жасында үйренген.

* Сократ 70 жасында түрлі музыкалық аспаптарда шебер ойнауды меңгерген.

* Неміс тарихшысы Леопольд Ранке өзінің «Әлем тарихы» еңбегін 91 жасында аяқтаған.

* Лев Толстой 82 жасында жас жігіттерше шалғымен шөп шабатын. Ол қартайған жасына қарамастан конькиде сырғанап, велосипед те тебетін. Бір аяғымен 40 рет отырып тұратын.

* Англияда заң кеңесшісі болып қызмет атқарған Арчи Уайт 96 жасында университет түлегі атанып, ел тарихында ең қарт студент атанды.

* Қытайлық танымал кәсіпкер Джек Ма 36 жасында алғаш рет жеке кәсібін бастаған. Қазіргі таңда ол әлемдегі ең бай адамдар қатарында.

* Рей Крок 52 жасында McDonald’s компаниясының негізін қалап, әлемдегі ең үлкен фастфуд компаниясының франшизасын қалыптастырды.

* Джон Стит Пембертон 55 жасында Coca Cola компаниясын құрды.

* Гарланд Сандерс KFC ресторандар желісін 62 жасында айналымға шығарды.

материал «Кемел адам» кітабынан алынды, 

ummet.kz