24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Бесін 12:22
Шам 19:23
Құптан 21:02

Марокко премьері көз жасына ерік берді

Марокко премьері көз жасына ерік берді

Марокко республикасының премьер-министрі Абдульилях Бенкиран Мәдина қаласындағы терактіні есінен адасқандардың іс-әрекеті деп мәлімдеді.

Телефон арқылы «әл-Арабия» телеарнасы тілшісіне қасиетті қаладағы Пайғамбар мешітіндегі жағдай туралы пікір білдіру кезінде премьер-министр «менде бұл нәрсеге пікір беретін күш жоқ» деп, көз жасына ерік берді. Осыдан соң байланыс бірер секундқа үзілді.

Бенкиран қасиетті Рамазан айында Пайғамбар мешіті жанында мұсылманның бір-біріне қол жұмсауы туралы айта келе, қылмыскерлердің ақыл-есінен, жүрек пен сезімнен айырылғанын жеткізді.

ummet.kz-ақпарат