09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:06
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Татар мектептері халал асхананы толықтай іске қоспақ

Татар мектептері халал асхананы толықтай іске қоспақ

Енді әрбір татар мектебіне толықтай мұсылман шариғатына сай асханамен қамтылу мүмкіндігі бар. Ол үшін ата-аналар білім мекемелеріндегі асхана ісіне жауапты қалалық департаментке ұжымдық өтініш білдіруі керек.

«Бұл ретте ең алдымен мектептегі ата-аналар комитетінің ортақ шешімі қажет етіледі. Мұнан кейін білім мекемесінің өтінішіне сәйкес, департамент ТР Діни басқармасы сертификаттау жүйесінен өткен қажетті азық-түлікті немесе дайын ас-тағамдарды жеткізеді» деп түсіндірді мекеме өкілі Гүзел Ананьева.

Айта кетейік, бүгінде Татарстанның мектеп, бала-бақшаларының барлығы дерлік халал асханамен қамтылған. 

ummet.kz-ақпарат