24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Бесін 12:22
Шам 19:23
Құптан 21:02

Ұмра қажылығынан түскен табыс 12 млрд $ құрады

Ұмра қажылығынан түскен табыс 12 млрд $ құрады

Сауд Арабиясы жыл ішінде 6,4 миллион қажыны қабылдап, 12 млрд $ табысқа кенелді. Бұл жайында корольдіктің туризм жөніндегі ұлттық комитет мүшесі Абдул Гани Хаммад әл-Ансари мәлім етті, деп жазады Marwa.ru.

Оның айтуынша, әр қажы орта есеппен  1874 $ қаражат жұмсаса, оның 35%-ы баспанаға, 25%- ы көлікке, 15%-ы тамақтануға және сый-сияпаттал алуға 15%-ы кетеді.

Бұл шығындар Мекке мен Мәдинадағы мейманханалар мен су, электр қуаты, базар мен наубайхана секілді 30-ға жуық кәсіпорындарға жұмсалады.

Әл-Ансари сондай-ақ қасиетті қос шаһардағы бес жұлдызды мейманханаға тұрақтау құны қажыларға әр тәулікке  133$-дан  533$-ға дейін бағаланатынын да атап айтты.

ummet.kz-ақпарат