24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Бесін 12:22
Шам 19:23
Құптан 21:02

Әл-Азһар жарнамалық жүріс жасады

Әл-Азһар жарнамалық жүріс жасады

Рамазан айының келуіне орай Каир қаласында үлкен билбордтар, телебағдарламалар мен фильмдер, оразаға қажетті азық-түлік өнімдері мен тауарлардың жарнамалары ілінеді.

Биыл Каир көшелері ерекше жарнамамен жаңарды. Қалада әл-Азһар ислам университетінің әртүрлі позитивті үлгідегі тақтайшасы пайда болды, деп хабарлайды Al Arabiya.

«әл-Азһар азаматтық қағидаларды үйлестіреді», «әл-Азһар – ислам білімінің қайнар көзі», «әл-Азһар – мұсылман әлемінің үні», «әл-Азһар экстремизммен барлық тілде күреседі» – осындай жарнама тақтайлары Каир көшелерін толықтырды.

Осы тектес билбордтар Египет астанасында әл-Азһар университеті ұйымдастырған халықаралық конференция қарсаңында пайда болды.

Айта кетейік, 4 маусым күні конференцияның ашылу салтанатында әл-Азһардың бас имамы Ахмед ат-Тайиб аталмыш ислам академиясының діни бағытымен жүру әсіредіншілдік пен экстремизммен күресудің жалғыз жолы екенін атап өтті.

ummet.kz-ақпарат