09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:22
Бесін 12:07
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Меккеге екі айда 1,5 млн адам қажылық жасады

Меккеге екі айда 1,5 млн адам қажылық жасады

2016-2017 жылдың Ұмра қажылығы маусымынан бері (2016 жылдың қараша айынан) Сауд Арабиясы корольдігіне 1 444 765 мұсылман кіші қажылық өтеуге келген. Бұл жайында Saudi Gazette хабарлады.

Қажылардың басым бөлігі – 1 млн 350 мың адам әуе көліктерімен, 90 мыңға жуық адам жер үсті көліктерімен, 3921 адам теңіз жолдары арқылы келген.

Ұмра қажылығын өтегендердің 30 %-ын пәкістандық мұсылмандар құрайды, екінші орында индонезиялықтар (17,91 %), онан соң үндістер (11,81%)  мен малайзиялық мұсылмандар (8,21%).

Үлкен және кіші қажылық бойынша министрлік басшысының орынбасары Мохаммед Абдуррахман әл-Бижави қажылық маусымы басталған уақыттан бері қажылық қызметін көрсетуші мемлекеттік және жеке мекемелердің тиісті талап-шарттарды орындау деңгейіне тексерістер жүргізілгенен атап өтті.

ummet.kz-ақпарат