09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:22
Бесін 12:07
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Пәкістан мектептерінде Құран сабағы енгізіледі

Пәкістан мектептерінде Құран сабағы енгізіледі

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясы үкіметі жалпы білім жүйесіне жаңа ереже енгізді: енді қасиетті Құран Кәрім сабағы барлық үкіметтік және жеке мектептер үшін міндетті пән болады.

Бастауыш және орта білім департаменті «Құран Кәрім негіздері» пәнін бастауыш сыныптары үшін, «Құран Кәрім түсініктемесін» 6-10 сыныптар үшін провинциядағы барлық үкіметтік және жеке мектептерге міндетті етіп бекітуге жоспарлайды.

Қазіргі білім жүйесіндегі екі бағдарлама біріктіріледі: жалпы білім (тіл үйрену және басқа пәндер) енді хафиздік дәріске (Құранды үйренуге) бағытталады. Бұған дейін оқушылар арнайы пәндерді таңдау еркіндіктері берілген болатын. Егер, бала хафиздік білім беру жүйесін таңдаса, оны 6 сыныптан бастап Құран үйренуге бағытталған топқа ауыстырады. Жаңа ереже бойынша енді барлық оқушылардан қасиетті Құран Кәрімді үйренуі талап етіледі.

ummet.kz-ақпарат