10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Әскерилер мешіті ашылады

Әскерилер мешіті ашылады

Шешенстан республикасында әскерилерге құлшылық жасауға және басқа да діни рәсімдерді орындауға арналған мешіт ашылады.

Мешіт Ресей әскері қатарында Оңтүстік әскери округтың мотоатқыш бригадасындағы мұсылмандар азаматтарға арналған. Ғибадатхана ғимараты әскери база территориясында бой көтереді, деп жазады «Грозный-информ».

Алдын ала жоспар бойынша, мешіт 2017 жылы қолданысқа беріледі. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, жаңа мешіт православтық шіркеу жанында тұрғызылып отыр.

ummet.kz-ақпарат