08 Қыркүйек 2026, Сейсенбі 26 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:01
Күн 05:33
Бесін 12:17
Шам 18:50
Құптан 20:21

ҚМДБ Төрағасы Есет батыр кесенесін зиярат етті

ҚМДБ Төрағасы Есет батыр кесенесін зиярат етті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Есет батыр Көкіұлының кесенесін зиярат етті.


Бас мүфти Есет батыр бастаған жаужүрек бабалар рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады. Айта кетсек, батырдың кесенесі Алға ауданы Бестамақ елдімекенінен шығысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан. Кесене 1992 жылы салынған.