24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Жазғы сауат ашу курсына шақырамыз!

Жазғы сауат ашу курсына шақырамыз!

Құрметті ата-ана!

 

Астана қаласы мешіттері мектеп жасындағы балаларды мамыр айының 26 мен маусым айының 16 аралығында болатын жазғы сауат ашу курсына шақырады.

 

Сауат ашу курсында мына төмендегі пәндердендәрістер жүргізілетін болады:

 

-         Құран әліппесі;

-         Иман негіздері;

-         Ислам әдебі.

 

Қажетті құжаттар:

 

1.     Ата-ананың өтініші;

2.     3 х 4 сурет бір дана;

3.     Туу туралы куәлік көшірмесі.

 

Құрметті мешітке келуші жамағат!

Әрбір ата-ана ұрпағының тәрбиесіне жауапты, бұл бізге үлкен мүмкіндік, имандылықтың кәусарынан сусындасын десеңіз, баларалыңызды жазғы сауат ашу курсына алып келіңіздер!

 

·     Курсқа 7 мен 15 жас аралығындағы балалар қабылданады.

 

·     Курста мешіт шәкірттеріне бір мезгіл тегін шәй беріледі, қаланың көрікті жерлерін серуендетіп, меңгерген білімдеріне сай мешіт шәкірттері арасында жарыстар ұйымдастырылады.

 

·     Сауат ашу курсы ақысыз жүргізіледі.

 

·     Құжаттар мамыр айының 12-і мен 25-і аралығында қабылданады.

 

 

·     Толық ақпаратты қала мешіттерінен немесе 44-61-65, 44-58-48 телефонына қоңырау шалу арқылы біле аласыз.