«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.
Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шараға арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев жиылған жамағатқа «Рухани жаңғыру – иманнан басталады» тақырыбында көркем насихат айтты.
Насихат барысында Бауыржан Абдуалиев ел руханиятындағы діннің рөлі күн санап артып келетінін, дәстүрлі діни көзқарастың халық арасында кеңінен таралып, мұсылманшылық ұстанымдарға бет бұрыс жақсарып, имани жаңғыру үрдісі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол ата-бабамыздың ұстанған имани құндылықтары бүгінгі таңдағы ғаламдық жаһандану үрдісінде жұтылып кетпеудің және ұлттық бірегейлікті сақтаудың бір көрінісі екенін тілге тиек етті.





ummet.kz