17 октября 2026, Суббота 6 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 05:09
Восход 06:36
Зухр 12:05
Магриб 17:23
Иша 18:49

Естігенін жақсылап ұғу үшін қайталап сұраудың дұрыстығы

Естігенін жақсылап ұғу үшін қайталап сұраудың дұрыстығы

Ибн Әбу Мулайка (р.а.) риуаят етті:

«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелі Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бір нәрсені естісе, жақсылап ұғып алу үшін қайталап сұрайтын еді. Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде -кімнің ахиретте есеп кітабы толық сұралса, азап тартар»,- деді.

Сонда Айша анамыз (р.а.): «Алла тағала аят кәрімінде: «Сонда ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі», - деген емес пе?»,- дедім.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ол деген пенделерге күнәларын жай ғана көрсетіп қана қою ғой, бірақ кімде-кім есеп кітабынан толық сұралатын болса, ол пәлекетке ұшырайды»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz