16 октября 2026, Пятница 5 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 05:08
Восход 06:34
Зухр 12:05
Магриб 17:25
Иша 18:51

Салауатты қашан көбірек айту керек?

Салауатты қашан көбірек айту керек?

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):


«Сендердің ең абзал күндерің – жұма. Бұл күні Адам жаратылған, осы күні дүние салды. Жұмада бүкіл тіршілік қайта жаратылады, осы күні барша жан заттың жаны алынады. Жұмада маған салауатты көбейтіңдер. Сендердің салауаттарың маған ұсынылады», – дейді.

Сонда: «Уа, Алла елшісі! Біздің салауаттарымыз сізге қалайша көрсетіледі, егер сүйегіңіз жоқ болып кетсе?» – дейді біреу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала жерге (топыраққа) пайғамбарлар денесін харам етті (шірімейді)», (Әбу Дәуід, Насаи) – деп жауап берген еді.

Сондай-ақ Абдулла бин Әуфа (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Маған жұма күні салауат айтуды көбейтіңдер. Ақиқатында, маған жеткізіледі және естимін» (Ибн Мажа), – деген.

материал «Пайғамбарымызды (с.ғ.с) танисыз ба?» кітабынан алынды, 

ummet.kz