21 октября 2026, Среда 10 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 05:16
Восход 06:42
Зухр 12:04
Аср 15:24
Иша 18:41

Имам Шафиғидың (р.а) тамаққа қатысты насихаттары

Имам Шафиғидың (р.а) тамаққа қатысты насихаттары

Имам Шафиғи: Тамақты төрт түрге бөліп жеуге болады:


1. Жалғыз саусақпен жеу. Бұл – кірпияздық.
2. Екі саусақпен жеу. Бұл – тәкаппарлық.
3. Үш саусақпен жеу. Бұл – сүннет.
4. Төрт не бес саусақпен жеу. Бұл – құлқынның құлы болу.

Төрт нәрсе тәнге қуат береді:

1. Ет жеу;
2. Хош иіс;
3. Жыныстық қатынасқа түспей тұрып жуыну;
4. Кетен киім кию.

Төрт нәрсе тәнді әлсіретеді:

1. Жыныстық қатынасты көп жасау;
2. Көп уайымдау;
3. Ашқарынға көп су ішу;
4. Ащыны көп жеу.

Төрт нәрсе ақылды арттырады:

1. Артық және орынсыз сөйлемеу;
2. Мисуәк қолдану;
3. Ізгілермен бірге болу;
4. Ғалымдармен бірге жүру.

Төрт нәрсе құлшылық болып саналады:

1. Әрдайым дәретпен жүру;
2. Көп сәжде жасау;
3. Мешітте көп болу;
4. Құранды көп оқу.

Имам Шафиғи тағы: «Ашқарын моншаға кіріп шыққан соң тамақтанбаған адамның қалай өмір сүріп жүргеніне, қан алдыра салып тамақ ішкен адамның қалай өлмегеніне таң қаламын», – деген.

Сондай-ақ тағы бір сөзінде ол кісі: «Оба ауруына ең жақсы дәрі – шегіргүл», – деген.

Дұрысын Алла біледі.

материал Имам Ғазалидің «Тамақтану әдептері» кітабынан алынды, 

ummet.kz