21 октября 2026, Среда 10 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 05:16
Восход 06:42
Зухр 12:04
Аср 15:24
Иша 18:41

Пайғамбардың (с.ғ.с) түнгі намазы неше рәкәт еді?

Пайғамбардың (с.ғ.с) түнгі намазы неше рәкәт еді?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түнгі намазды қалай оқитын еді? Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) түнгі намазы неше рәкат болатын?


Абдулла Ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Бір кісі: «Я Расулулла, түнгі намаз қалай оқылады?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі-екі рәкаттан болады, таң атып кетеді ма екен, деп ойласа, бір рәкат оқып, үтір қылсын», – деді.

Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) түнгі намаздары 13 рәкат болатын. Әр екі рәкаттан соң сәлем беретін», – деді.

Масруқ (р.а.) риуаят етті: «Айша анамыздан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) түнгі намаздары туралы сұрадым. Сонда Айша анамыз (р.а.): «Кейде 7 рәкат, кейде 9 рәкат ал кейбір кезде 11 рәкат болатын. Таң намазының 2 рәкат сүннеті бұған кірмейді», – деді.

Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түнде 13 рәкат намаз оқитын еді. Бұған үтір және таң намазының 2 рәкат сүннеті кірмейтін», – деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды, 

ummet.kz