21 октября 2026, Среда 10 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 05:16
Восход 06:42
Зухр 12:04
Аср 15:24
Иша 18:41

Мұса пайғамбар (ғ.с) теңізді екіге бөлгенде айтқан дұғасы

Мұса пайғамбар (ғ.с) теңізді екіге бөлгенде айтқан дұғасы

Имам Ағмаш Әбу Уәйлден, Әбу Уәйл Абдулладан жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:


«Жәбірейіл бірде маған:

– (Уа, Мұхаммед!) Мұса пайғамбар теңізді екіге бөлген кезде айтқан дұғасын үйретейін бе? – деді. Мен:

– Әкем мен анам да сізге пида болсын, әлбетте! – деп жауап бердім. Сонда ол: «Уа, Аллам! Барлық мадақ Саған ғана тән! Өтініш пен шағымдар Саған ғана бағытталады. Көмек сұралатын да жалғыз Сен. Күш те, қуат та Аллаға ғана тән! (Аллаһумма ләкә әл-Хамд, уә иләйкәл муштака, уә әнтә әл-мустағас, уә ләә хәулә уә ләә қууата иллә билләһи)», – деп айт» – деді».

Имам Ағмаш: «Осы хадисті жеткізген Абдулла (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы дұғаны естіген сәттен бастап, оны айтып жүруді еш ұмытқан емеспін», – деді. Осы хадисті Абдулладан жеткізген Әбу Уәйл де дәл солай айтты. «Осы хадисті Әбу Уәйлден естіген сәттен, мен де бұл дұғаны айтуды ұмытқан емеспін», – деп Имам Ағмаш та сөзін аяқтады. Алла оларға разы болсын! Бұл дұғаны осы кітаптан оқыған сәттен, біз бен сіз де осы дұғаны айтуды еш ұмытпайық.

Ал біздің Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) шүкіршілігі қандай еді?! Айша анамыз (Алла оған разы болсын) айтады:

«Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) аяқтары ісіп кеткенше түнделетіп намаз оқитын еді. Мен: «Уа, Алланың елшісі! Алла сіздің бұрынғы-соңғы күнәларыңыздың бәрін де кешірді ғой! (осыншама өзіңізге қиындық жасайсыз ба?)» – дегенімде, Ол (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Онда мен шүкір етуші құл болмаймын ба?» – деп жауап берді» (Бұхари, Муслим).

материал «Саф жүрек» кітабынан алынды, 

ummet.kz