29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

«Төлебай» мешітінде «Ерсайын Манаев» қайырымдылық қорының демеушілігімен «Мейірімділік мекені» акциясы аясында әз-Наурыз мейрамына арналған қайырымдылық шарасы өтті.

Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы

«Салауатты жамағат» атты ІV қалалық спорттық ойындар сайысының ЕРЕЖЕСІ

Салауатты өмір салты – мұсылман мәдениетінің мәйегі. Тән мен жанның саулығын Жаратқаннан берілген нығметті аманат деп ұғынатын Астана қаласының дін қызметкерлері рухани қызметпен қатар, спорттық сайыстарға ерекше ден қояды. ҚМДБ наиб мүфтиі, елорданың бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы осындай игі мақсатта бірнеше жыл қатарынан қала мешіттері мен медресесі қызметкерлері арасында әртүрлі спорттық жарыстарға пәрмен беріп келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты "Химет.ТВ" телерадиостудиясының "Иман шуағы" хабарында ҚМДБ наиб мүфті, "Нұр Астана" мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы "Перзент - шаңырақтың шаттығы" деген тақырыппен сұхбат берді.

Қарттарға құрмет көрсету – мұсылманшылықтың көрінісі. Асыл дініміз Ислам әрқашан үлкендерге мейірімділік танытуға шақырады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті қарияларға құрмет көрсету шараларын жамағатпен бірлесіп әрқашан іске асырып келеді. Көктемнің алғашқы күндерімен бастау алған "Аналар -асыл жандар" атты он күндік декада және "Астана мейірімді қала" қоғамдық бастамасы аясында кеше наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен, қала сыртындағы қарттар мен мүгедектерге арналған Малотимофеевка медециналық-әлеуметтік мекемесінде болды. Айтулы қайырымдылық шараға құр қол келмей, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Игі шара басында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қарттарға ізгі тілегін айтты.

Ақида – дін саласындағы сенім жүйесінде қолданылатын ұғым. Иман негіздері де осы салада қамтылатын тақырып. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының дін саласын дамыту үшін бекіткен төрт бағытының бірі – халықтың діни сауатын ашу, жамағатқа арналған дәстүрлі дін дәрістерін жүйелі түрде өткізу болып табылады.