11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Abu Nasr Al-Farabi» мешіті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Abu Nasr Al-Farabi» мешітінің құрылысы 2002 жылы басталып, 2005 жылғы 22 наурызда пайдалануға берілді. Жалпы сыйымдылығы – 10 000 адам.

Бұл мешіт Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Тәнидің қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды.

Мешіттің жобасын ливандық сәулетші Чарльз Хафиза жасаса, құрылысының бас мердігері - Түркияның «Пасинер» компаниясы. Ішкі әрлендіру жұмыстарына отандық сәулетшілер мен дизайнерлер атсалысып, жазулар ислам каллиграфиясы мен араб графикасына сәйкес өрнектелген. Безендіру және көркемдеу жұмыстарының авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ғазиз Ешкенов. Қажетті материалдар мен бояулар Санкт-Петербург, Испания және еліміздің өз кәсіпорындарынан алынды. Діни кешен ерлер мен әйелдердің ғибадатына арналған залдардан, әрқайсысы 62 м биікке созылған төрт мұнарадан, қос субұрқағы бар ашық ауладан және имамның үйінен тұрады. 5000 адам сыятын сәулет туындысы ливандық шебер Чарльз Хазифтің жобасы бойынша салынды. Мешіттің бас күмбезінің биіктігі – 43 м. Ғимарат барлығы 3930 шаршы метр аумақты алып жатыр.

Есілдің сол жағалауындағы «Abu Nasr Al-Farabi» мешітінің алтынмен апталған бас күмбезінің биіктігі 43 метр болса, одан өзге 25 кіші күмбездері бар. Мешіттің іргетасы бетоннан, қабырғасы пеноблоктан тұрғызылған. Ішкі қабырғалары жартылай табиғи мәрмәрмен көмкерілген. Мешіттің биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Мешіт орналасқан жердің көлемі 6,7 гектар. Төрт жолдың торабында орын тепкен ғибадатхананың жалпы алаңы 3631,5 шм. «Abu Nasr Al-Farabi» мешітінің Бас имамы – Нұрлан Рамазанов.

Мекен-жайы:

«Abu Nasr Al-Farabi» мешіті
Қабанбай батыр көшесі, 36
Астана қаласы
Тел: 8 (7172) 44-58-48, 44-61-65.
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бөлісу: