29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Кітаптың үстіне басқа зат қоймау – білімге деген құрмет

Білім дегеніміз – нұр, дәрет те – нұр. Білімнің нұры дәретпен арта түседі. Білімді құрмет етудің бірі – кітапқа қарай аяқ созбау. Және тәпсір кітабын басқа кітаптардың үстіне қою да білімді құрметтеу болып табылады.

Білімнің апаты – ынта-жігер мен дәрісті қайталауды тәрк ету

Ей, білім іздеуші! Түнде және күндіз ынталы бол. Өйткені білім алу ынта жігер және дәрісті қайталаумен игеріледі.

Ілім алудың артықшылығы: Алған білімді өзгелерге үйрету

Оқығаныңды өзгелермен бөлісудің, адамдарға үйретудің де маңызы үлкен. Себебі үйрету арқылы адам білгенін өз бойына одан әрі сіңіріп, білімінің бекуіне ықпал етуімен қатар өзгелердің де білмегенін білуіне себепші болады.

Білім ізденуде бақталас болмау және мақтанбау

Ілім ізденуші немесе оны игерген адам ілімге ұмтылыс жасау кезінде яки оны игерген кезінде Алла Тағалаға шын ықыласта болуы керек және тек қана Алланың дінін сақтау, адамдарды дінге үйрету, сөйтіп оларға пайда келтіруден басқа ешқандай мақсатты көздемеуі тиіс.

Шәкіртке көмек беру ризықты арттырады

Жас шәкірттерге демеу болып, іліміңізді алып, кәсібіңізді істеп емін-еркін жүре беріңіз. Ал қиямет күні сол жақсылықтың сауабынан ғалымдармен бір сапта тұрып қалуыңыз әбден мүмкін.

Раббының разылығына жету үшін ілімнің өзі жеткілікті ме?

Сен бәрін үйреніп, біліп, мыңдаған сөрелерді кітаптарға толтырсаң да, амал жасамасаң, Қияметте саған іліміңнің ешқандай пайдасы жоқ.

Ілім – Құран, сүннет, «мен білмеймін» деген сөз

Өкінішке қарай, қазір аз-маз кітап оқысақ та, «білдім синдромының» құрбанына айналып кетіп жатқан жайымыз бар. Негізінде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің сахабаларын «Біз білмейміз! Алла және оның Елшісі жақсырақ біледі» деген сөзге баулыған. Тіпті, сахабалар мен тәбиғиндер (Алла разы болсын) бұрын естіген хадисін қайталап тыңдаса да, жаңадан естіп тұрғандай зер салып тыңдайтын.

Исламдағы «ғылым» термині, ғылым үйренудің маңызы

Араб тілінде білу мағынасына келетін «ғылым» сөзі көбінесе білім, мағлұмат деген мағыналарға келеді. Бір нәрсені нақты үйреніп сенуді ғылым дейміз. Білімсіздіктің, надандықтың антонимі болып табылатын «ғылым» сөзінен ғалым, мағлұмат, мұғалім және тағы басқа сөздер шыққан. Ислам ғалымдары ғылымды «Кісінің ақыл және сана сезіміне сыйымды мағлұмат» деп түсіндіреді. «Ғылым бір нәрсенің өз кейпінде танылуы».