29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Биыл Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын атап өту шең­берінде 1 наурыз Қазақстан Республикасының Алғыс айту күні болып жария­ланды. Бұл мейрам көпэтносты және көп­конфессиялы Қазақстан халқы үшін терең тарихи және рухани мәнге ие.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.

Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференцияның №2 секциясына (тақырыбы: «Ислам және тарих тағылымы») жетекшілік еткен наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты мақсат-талабының бірі  медресе шәкірттерінің шешендік өнерді меңгеріп, көркем сөйлеу өнерін үйренуі екені көпке мәлім. Бүгін осы мақсатта Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбзелбаев елордадағы «Нұр Астана медресесі» шәкірттеріне арнайы тренинг өтті.

Біз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, өкіл имамдар, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Ислам мен зайырлы қоғамның өзара үйлесімділігін арттыру идеясын қолдаймыз.

Зайырлы мемлекет үшін дінді ұстанатын-ұстанбайтынына қарамай, әрбір азаматтың орны ерекше. Өйткені Ата Заңымызда айшықталғандай мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Ал, діндар қауым, соның ішінде мұсылман адам да зайырлы мемлекеттің толыққанды белсенді, зиялы азаматы бола алады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференцияда Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлім етті.

2016 жылғы 24 ақпанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАНТ) мүшелеріне арналған «ИСЛАМ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ» атты республикалық конференция өтеді.