29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Өткен ауылшаруашылық маусымында Тунис елі құрма экспорттауда рекордтық көрсеткішке жетті. Тамыз айында жүргізілген есеп бойынша 104 500 тонна көлемінде құрма экспортталған. Бұл осыған дейінгі маусымдағы көрсеткіштен 8,9 тоннаға артық.

Шешенстан астанасында 25-27 тамыз күндері өткен Әлемдік ислам конференциясы аясында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Төрт мың адамға арналған мешіт республиканың Гудермеск ауданында бой көтерді.

Дубай қаласында кез келген тұтынушы дүкеннен алған өнімнің халал стандартына сай келетінін тексере алады. Ол үшін өнім сыртындағы «халал» белгісі логотипін телефон арқылы сканер жасап алса жеткілікті.

Сауд Арабиясы қажылық маусымында шайтанға тас ату рәсімі уақытына өзгертулер енгізді. Қажылық және ұмра министрлігі аталмыш рәсімді бақылауға алады.