29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Tokyo-Mitsubishi UFJ (BTMU) ірі жапониялық банкі Дубайда өз филиалын ашты. Бұл шетелдік филиал арқылы ислам корпоративтік қаржыландыру қызметін қамтамасыз ететін алғашқы жапониялық компания болып табылады.

HalalGuide ислам қызметі мұсылман қауымына алдағы Рамазан айында ауызашар жасауға болатын дәмханаларды оңай табуға көмектесетін жаңа жүйені іске қосады.

2030 жылы қала ғимараттарының 25%-ы 3D-принтер арқылы тұрғызылады. Бұл туралы Дубай әмірлігі басшысы шейх Мұхаммед ибн Рашид әл-Мактум мәлімдеді.

Керала штатында ағаш қолөнеріндегі ерекше үлгісімен, көне архитектурасымен танымал Коттаяма қаласындағы (Үндістан) мың жылдық тарихы бар Джума Масджид тұңғыш рет мұсылман әйелдеріне есік ашты, деп жазады rediff.com.

Катардағы бөлшек сауда саласындағы жетекші Al Meera (Al Meera Consumer Goods Company) гипермаркет желісі қасиетті Рамазан айы қарсаңында 1437 тауарды өз құнында сату туралы ұсыныс тастады.